Қарлығаш дәурен – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Қарлығаш дәурен» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1779
Қарағым, біздің баста да
Қарлығаш дәурен көп тұрмас.
Қанатсыз қалсақ, масқара,
Қанаты барлар жақтырмас.
Көнбей-ақ желдің иіне,
Қонбай-ақ жапан түздерге.
Ұшайық, байтақ дүние
Жеткізер болса біздерге.
Бар шығар біздің жолда да
Ылдилар менен ылайлар.
Қиын ғой ұшу сонда да
Жете алмаймын деп кім ойлар?
Бар шығар шөлде бізге бір
Жалтақтап жүрген жүргінші.
Терілмей қалған түзде бір,
Мұрныңды жарар гүл иісі.
Жапан далада жаз болар
Жалғыз үйлерге жетейік.
Шаңыраққа қону аз болар,
Ұя да салып кетейік.
Қол бұлғап бізге әр жақта,
Сағынтып қалған екенбіз.
Бұрылмай қалай кетерміз,
Бір қонбай қалай өтерміз?
Манадан ұшқан жеріміз
Қозы көш қана секілді.
Мезгіл ме, мезгілдеріміз –
Еңкейіп кеткен екінді.
Қонбай-ақ желдің иіне,
Қонбай-ақ жапан түздерге.
Ұша берейік, дүние
Жеткізер болса біздерге.
Қарағым, бізді баста да,
Қарлығаш дәурен көп тұрмас.
Құласақ жер ғой баспана,
Жер бізді көкке лақтырмас.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қарлығаш дәурен өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Қарлығаш дәурен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қарлығаш дәурен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қарлығаш дәурен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері