Көштер – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Көштер» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 729
Өртеп күнi қақтаған
күңiрентiп даланы,
азаматын жоқтаған
көштер өткен қаралы!
Түбiт шаңы түтiлiп,
қайта жанған өшкенiм! –
шыққан кезде үкiлi
сән-салтанат көштерiм.
Жүрген деме қаңғырып
кең даламда көсiлген.
Өткен халқым тағдыры
көшу, көшу, көшумен.
Көшiп жүрiп керiсiп,
көшiп жүрiп табысқам,
көшiп жүрiп келiсiп,
көшiп жүрiп соғысқам!
Көшiп жүрiп сөгiлiп,
көшiп жүрiп өлгенмiн,
көшiп жүрiп жеңiлiп,
көшiп жүрiп жеңгенмiн.
Уын iшiп заманның
жатқам қанша қуарып –
қалған кезде даламның
көштерiнiң жүгi ауып.
Тар қыспақта қалған соң
қалың ойға батқанмын.
тәуекел деп сонан соң
көшiп бара жатқанмын.
Көрiп құрсау кезеңiн
қанша азапты кешкенмiн.
Қақ айырылып өзегiм
ата жұрттан көшкенмiн.
Өртке оранып шалғыным
жолым қанша кесiлген –
өткеннен соң тағдырым
көшу, көшу, көшумен.
Жатып қиыр, жырақта
құр қап қала, қамалдан
көшкем, көшкем,
бiрақ та
көшпей қалғам Даламнан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көштер өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Көштер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көштер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көштер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері