Талану

Бұл бетте «Талану» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.06.2022
  • 0
  • 0
  • 784
Жан-жағымнан талады.
Талады!
Бiреуi –
Жүрегiмнiң тұсынан! –
Инесiн тықты.
Бiреуi –
Аш бүйiрiмнен! –
Бiзiн сұқты.
Сонан кейiн
Тiлiн сұқты.
(Тiлiн сұққан жерден –
Қан аралас –
Iрiң шықты).
Бiреулер –
Сұп-суық
Тiкенек көздерiмен! –
Шабақтап кеттi.
Тiлiм аузыма сыймай
Салақтап кеттi.
Қаштым!
Алдымдағы ағаштарды –
Шыбық құрлы көрмей! –
Жапырып қаштым.
Дүниенi
Басыма көтерiп –
Бар даусыммен! –
Ақырып қаштым.
Жан дүнием –
Шырқырап! –
Зар қақты.
Тұла бойымды –
Жауындай сорғалаған –
Қан жапты.
Аяғымның
Астына қарамай –
Шоқ пенен шөңге демей! –
Басып келемiн.
Ара талаған
Аюдай қорбаңдап
Қашып келемiн!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Талану өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Талану өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Талану өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Талану өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері