Жаңбырлы күні – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Жаңбырлы күні» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.06.2022
  • 0
  • 0
  • 755
Аспан тамшысымен
Маңдайымнан шерттi.
Бiр шерттi,
Екi шерттi...
Жетi шерттi...
Шерттi, шерттi
Жүрегiмдегi дерттi.
Домбыра емес едiм.
Бiрақ домбырадай
Шерлi-шемен едiм.
Дерт толы өлең едiм.
Шерткен сайын
Сөздер мен сөздер
Желдi күнгi теңiздей жапырылып
Жанымды керiп бара жатты.
Жүйкем мен тамырларым
Пернелер мен шектердей
Егiлiп ерiп бара жатты.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жаңбырлы күні өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Жаңбырлы күні өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жаңбырлы күні өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жаңбырлы күні өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері