Ару – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Ару» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.07.2021
  • 0
  • 0
  • 990
Бұрала басып ырғал да,
Бұрымға байла еркімді.
Қозғала алмай тұрғанда,
Қоздырып кетші дертімді!
Күн нұры сырғып сырғаңда,
Көлденең тартшы көркіңді?!
Көзінді ашып-жұмғанда –
Көңілде кəусар көл тұнды.
Тоқ бұрым мықынды ұрғанда,
Толықсып тəнің серпілді.
Жүзіңді бері бұрғанда,
Жұмақтан жұпар жел тұрды.
Нəп-нəзік белің қылдан да
Нəпсімнің құртын өлтірді.
Сезімім сейіл құрғанда,
Желігім құстай желпінді!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ару өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Ару өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ару өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ару өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері