Автопортрет

Бұл бетте «Автопортрет» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.07.2021
  • 0
  • 0
  • 899
Көкейімде – мың арман,
Көкірегімде – Шырағдан.
Тағдырыма тəнтімін
Жоқтан-бардан құралған.
Жоқ демеймін, бар деймін:
«Су ішемін, қар жеймін»
Түрлі-түсті бояумен
Арманымды əрлеймін.
Ел жайлауға көшкенде,
Ой бағамын төскейде.
Қиялымды тұсаулап
Көрген емес еш пенде!
Күн нұрынан жаралдым,
Таң нұрымен таралдым.
Аңыз бенен Ақиқат –
Қос анары анамның.
Желмен бірге есемін,
Бұлтпен бірге көшемін.
Мынау байтақ, ұлы өлке –
Өз үй, өлең төсегім!
Қауметі үшін аз күннің,
Қай пендені жазғырдым?
Көп ішінде – жалғызбын,
Жалқы ішінде – Мəжнүнмін.
Мəжнүндіктің азабын
Жеткізе алса ғазалым:
Пенде алдында адалмын,
Алла алдында тазамын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Автопортрет өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Автопортрет өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Автопортрет өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Автопортрет өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері