Қайырымдылық

Бұл бетте «Қайырымдылық» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1104
Ол келсе егер –
түн iшiнде таң атар,
таң атқызып жарығын ол таратар.
Сонда, сонда ең бiр асыл ақ жүрек,
сонда, сонда ең аялы алақан.
Ол келсе егер –
жауласқандар жарасқан,
соған барып тығылады адасқан.
Соның қолы көтередi алдымен
балапанды құлап түскен ағаштан.
Қиналғанға қолын берiп күй табар,
сиқы кеткен сисызға да сый тағар.
Құлағанның қолтығынан көтерiп,
жылағанның маңдайынан сыйпаған!
Неткен жүрек,
неткен биiк, кең жүрек
жүргенi тек жалау болып желбiреп.
Отырады тiптi кейде, құдай-ай,
қара тастай қатыгезге елжiреп.
Ол жаралған туыстық пен достықтан,
Ол күйiнген,
күйiнген ол мастыққа.
Қолындағы нанын берiп жiберген
өзi аш қалып аштықта.
Ешкiмдi де көрмеген ол жатсынып,
жүр бiреудi бiреулерге тапсырып.
Жамандыққа – бiр кезде өзiн қорғаған –
жанын салып жасайды ол жақсылық.
Айтсақ егер жарылып бiр ағынан
бұл тiршiлiк –
құламастан бағына –
соның, соның жүрегiне жылынып,
сүйенiп тұр соның алақанына!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қайырымдылық өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Қайырымдылық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қайырымдылық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қайырымдылық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері