Дұға-жыр – Табылды Досымов

Бұл бетте «Дұға-жыр» атты Табылды Досымов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.06.2019
  • 0
  • 1
  • 2750
(Алтай Шәмшиденовтің рухына)

Сен Адам ең, ал біз болсақ пендеміз,
Пенделікпен аттанамыз көрге біз.
Атаң қалды, інің қалды артыңда,
Бала-шағаң қалды және жеңгеміз.

Қайғы жұтып, у іштің ғой, бауырым,
Тағдырыңның сезуші едік ауырын.
Арсыз ажал қанша соқыр болса да,
Азаматтың жалмайды ғой тәуірін.

Ер ішінде еңселі едің,Алтеке,
Сері тілдің семсері едің, Алтеке!
Бір боғауыз өмірінде айтпаған
Адам болса,сол сен едің – Алтеке!

Ей, Алтеке-ай, аға едің ғой жаны ізгі,
Таба алмаспыз ерден сендей «нағызды»,
Өзіміздей ол да тірі жан ғой – деп,
Қарсы келсе, баспаушы-ең ғой қоңызды...

Жаймашуақ шақтарында мәрт күнгі,
Өмір жүгін тым ертерек арттырды.
Ақ халатпен адам емдер кезінде
Тағдыр саған «баянын» да тарттырды.

Інілердің ағасы едің, Алтеке,
Алтын тонның жағасы едің, Алтеке,
Алты алашта азаматтар кім десе
Көрсетуге тамаша едің, Алтеке.

Өттің, кеттің, бұл жалғанға тойдың ба,
Көп көрдің ғой сұм тағдырдың ойнын да
Барған жерде бақұл болғын бақи-дос,
Бізді ойлай жат қара жердің қойнында ...


Пікірлер (1)

Эльдар

Керемет

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дұға-жыр өлеңінің авторы кім?

Табылды Досымов — осы өлеңнің авторы.

Дұға-жыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дұға-жыр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Табылды Досымов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дұға-жыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері