Кім білсін?

Бұл бетте «Кім білсін?» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.06.2022
  • 0
  • 0
  • 919
Батырларым жорықтан қайтқанда, –
Ортадан жолдарын тосып,
Алдарынан
Қырық қиылып,
Отыз ойылып,
Сексен иiлiп,
Тоқсан түрленген;
Он бiр рет бүгiлiп,
Он екi рет бұралған,
Тоты құстай сыланған
Перiнiң қыздары шыққан.
Желдей жылжып,
Судай сылаңдап кеп
Аттан түсiрген.
Сандал ағашты Сарайға,
Емен ағашты Ордаға кiргiзген.
Көлдей жiбек көрпеге
Көсiлдiрiп жатқызған.
Саңқылдатып сөйлеткен,
Шалқалатып күлгiзген...
Еркектерi далада
Улап-шулап,
Мысық боп мияулап,
Ит болып үрiп
Малдарын бағып жүрген.
Қазандарын пiсiрiп,
Оттарын жағып жүрген...
Перiнiң қыздары
Күмiс кесемен шәрбат,
Алтын астаумен дәм берген.
Тiлiменен бал берген.
Төсегiне жатқызып,
Қасына қонғызған.
Төңкерiлген кеседей
Төсiн сорғызған.
Батырларым түнiмен
Алысқан барыстай,
Құтырған лөктей болған.
Желдi күнгi өрттей болған.
Күтiр-күтiр жайпаған.
Бұрқ-сарқ етiп қайнаған.
Қышыр-қышыр шайнаған.
Таң атқанша ойнаған!..
Аңғал батырлардың
Көздерi iлiнiп кеткен.
Ояна сап
Түңiлiп кеткен.
Түндегi қызықтың бiрi де қалмаған.
Перi қыздары
Көшiп кеткен.
Бiрақ та
Кесапат-кесiрiн тастамай
Мойындарына қарыз қалдырмай
Кешiп кеткен.
Тоғыз ай,
Тоғыз күн толғанда
Нәрестелерi бар
Аспаннан бесiктер түскен.
Ел күтпеген
Нәсiптер түскен...
Бiздердiң кейде
Батырлардай
Аңғалдығымыз содан ба?!
Перiлердей
Жалғандығымыз содан ба?!
Кiм бiлсiн?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кім білсін? өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Кім білсін? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кім білсін? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кім білсін? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері