Сымдар – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Сымдар» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 611
Бойыңа сырлар бүккенсiң
өзiңде ерен ағын бар.
Иiрiлген болат жiптерсiң
зауыттың ұршықтарында.
Байланып темiр бағанға
созылар сенiң құлашың.
Көшелер менен даламда
шуылдап, сыңсып тұрасың.
Түк емес алыс аралық
жарықты жағып бересiң,
резiңкелерге оранып
үйлерге кiрiп келесiң.
Сендердi тыңдап келемiн,
өртең бар қазiр ойымда.
Оттарым, әнiм, өлеңiм
ағады сенiң бойыңда.
Жалғайсың елдi бiр елмен
жетектеп алып қызық сыр.
Кеңiстiктерде шiренген
құпия, жұмбақ сызықсың!
Сендегi ағыс телегей
тереңсiң түпсiз сырларға.
...Осының бәрiн елемей
қонады қараторғайлар
ток жүрiп жатқан сымдарға.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сымдар өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Сымдар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сымдар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сымдар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері