Жиырма сегіз – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Жиырма сегіз» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2800
Бұлдырайды қырда теңіз —
Сағым құба жонда ағып.
Келе жатыр жиырма сегіз,
Лениннен жолдама алып.
Aш өзегі жанып күйген,
Күнге қолын жайған Алтай.
Көк ала мұз сауыт киген
Арғы жағы Тарбағатай.
Октябрьмен туған егіз
Бақытына қадам басып.
Келе жатыр жиырма сегіз,
Алтай таумен амандасып.
Жаңғырықты күллі алап,
Ленин берген тың күшпенен,
Қырға қызыл туды қадап,
Жерге салды тұңғыш түрен.
Жаңа арнамен ақты ағын,
Төгілді сел күштің бәрі.
Планетаға атты жалын
Коммунарлар ұшқындары.
Бірақ бүлік салды ажал,
Көтерілді қанды қанжар.
Күңіренді Алтай тауы,
Тапты қаза коммунарлар.
Көмді құйын өліктерін
Өлді арманда қырда тегіс.
Қайталады ерліктерін
Қан майданда жиырма сегіз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жиырма сегіз өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Жиырма сегіз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жиырма сегіз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жиырма сегіз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері