Жалбарыну – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Жалбарыну» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1171
Бүкіл
Мұсылман қауымындай
Біздің де
Қасиетті сөзіміз — Алла,
Қасиетті кітабымыз — Құран.
Сондықтан да мен
Ләйлаһа илалла,
Мұхамедін Расул Алла,
Ләйлаһа илалла,
Мұхамедін Расул Алла,
Ләйлаһа илалла,
Мұхамедін Расул Алла —
Осылай деп жатам.
Осылай деп тұрам.
Содан кейін
Мына дүниенің
Кеспірсіз
Бет-бейнесін көріп
Жұмыр басымды
Тауға да ұрам,
Жарға да ұрам.
Е, Алла тағала,
Азап пен мехнатты
Көп көрген
Елімнің рухын
Асқақтата көр деп
Жалбарынам.
Мына дүние
Дауылды күнгі
Қара бұлттардай
Төңкеріліп, аударылуда.
Төңкеріліп, аударылған
Сол бір бұлттарға
Менің ел-жұртым
Жабысып жан бағуда.
Е, Алла тағала,
Жан бағып
Жанталасқан еліме
Қайрат пен қуат
Бере гөр;
Шуағыңа шомылдырып,
Аппақ бұлтыңа орап
Қайырым мен
Мейіріміңді төге гөр!
Е, Алла тағала,
Тілегімді қабыл ет!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жалбарыну өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Жалбарыну өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жалбарыну өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жалбарыну өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері