Құс аулаушы

Бұл бетте «Құс аулаушы» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 742
Жүредi ол бар облыс, ауданда
арқаланып торлар менен ауларға.
Күн ұзаққа шаршап-талып, әлек боп
құс аулайды көл мен дала, таулардан.
Елеместен көктемгi жел, ызғарды
жолы болмай жүз өртенiп, жүз жанды.
Ақырында келе жатар құшақтап
торға түсiп тұтқын болған құстарды.
Дүрлiге ұшып ұзақ күнге тынбаған
көктем жырын,
көктем сазын жырлаған, –
ұстап алып сақина сап жүргенi –
аққуларға,
үйректерге,
тырнаға...
Қарамастан тұманға да,
жаңбырға,
көтерiлiп сан жотаға,
сан қырға,
Әйтеуiр ол жүрер дала, тау кезiп
сақина сап сұлулыққа,
ән-жырға!
Өткiзердей барлық құсты санақтан
туған жердiң құз-қиясын адақтар.
...Қолдағы құс босанам деп бұлқынса
жалын құсап лапылдайды қанаттар!
Айналсын деп керемет бiр дастанға
көктемге ол байғазы деп шашқандай –
құшақтағы сақиналы құстарды
сонан кейiн лақтырады аспанға.
Күймесiн деп қатыгездiк отына
ұшырады ол
орман көл мен шоқыдан... –
аяғына сенiмдiлiк сертiндей
сақина сап адамзаттың атынан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құс аулаушы өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Құс аулаушы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құс аулаушы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құс аулаушы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері