Ұмыт болмас – Шұғыла Сабыр

Бұл бетте «Ұмыт болмас» атты Шұғыла Сабыр жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

1. Ешкім де,ешқашан да ұмыт болмас,
Ол күндерді енді Құдай басқа салмас.
41-дің маусымы жиырма екінші,
Бұл күндерді қазақ елім ұмыттырмас!
2. Бойына қайрат жиып батырларым,
Ұрпақ үшін болған құрбан шатырларым
Қан майданда қиындықты жеңіп шығып,
Германдарды ойрандаған бауырларым.
3. Ашаршылық орын алған жылдарында,
Қара халық аштан зарлап қалғанын да.
"Барбаросса" жоспарымен ақырында,
Құбыжықтар елімізді таптағанда.
4. Зар жылады әке,ана,баласы да,
Жылай,жылай көз жасы да қалмаған ба?
Мәз болады, ашкөз болған жауынгерлер,
Әр-әр жерге,мина жарып тастағанға!
5. 45-тің тоғызыншы мамырында,
Шайқастары бітіп,таяп қалғанында.
Рейхстагқа туын тігіп Рақымжаным,
Фашистердің аузын бізге қаратқанда!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (4)

Арман

Ұмытпайық, соғысқа жол бермейік!

Myrza

Өте керемет

Құралай

өте күшті

Құралай

бұл маған ұнады енді осыны анама силаимын

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар