Бұл бетте «Таң» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
25.04.2019
0
0
4601
Күншығыстан нұр алып,
Қалғып-мүлгіп жатты ну.
Жусан желден ырғалып,
Жасап кетті жаттығу.
Қырат-жота жондарын
Күнге төсей қалыпты.
Шөп те беті-қолдарын
Шыққа жуып алыпты.
Көбелек жүр әуреде:
Қонып жидек, мойылға.
Күннің қызы — сәуле де
Кірісіпті ойынға...
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі