Өлең, жыр, ақындар

Таңба – «39952»

  • 24.09.2021
  • 0
  • 0
  • 664
Ирина Михайловна Харинаның білегіндегі бұл таңба – Освенцим концлагеріндегі реттік нөмірі.
Газеттен

Таңбалар,
Таңбалар – қара дақ,
Жүреді қаныңды, миыңды аралап.
Сұғады инесін,
Шаншиды найзасын,
Жүйкені, жүректі жаралап.
Таңбалар,
Таңбалар,
Сөйлейді мәңгі олар,
Фашизм тілінде қызармай.
Кернейді кеудені таңға олар,
Талқандап бұзардай.
Тіл қатса таңбалар,
Ауырлар ой-кемең жүзе алмай.
Түксиіп қарайды әлі де
Білектен –
Денеден,
Атыңды қарамен біржола сызардай...
Освенцим тас қабырғасында
Кеппестен көздердің тұр жасы.
Күңіренер ғасырдан ғасырға,
Тұтқындар – тіршілік сұлбасы.
Сақталар ажал тәрелкесінде
Қырғындар қанының тұнбасы.
Адамнан темекі тартты ширатып,
Крематорий мұржасы...
Таңбалар еске сап талайды,
Освенцим көзімен қарайды:
Европа төрінен,
Вьетнам жерінен,
Сахара шөлінен,
Үндістер көрінен,
Хиросима түнінен,
Сталинград түбінен,
Ардагерлер түрінен,
Жанғандар күлінен –
Мұндалап тұр әлі таңбалар!
Білекте таңба бар –
Жүректе таңба бар.
Өшпейді мәңгілік,
Тұрады жаңғырып,
Сұмдықты әйгілеп таңғалар...
Таңбалар,
Таңбалар –
Фашизм індеті.
Таңбалау – міндеті.
Әйелдің таңбалы білегі –
Тарихтың қаралы бір беті...

1980



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Еркелейік еркін бір

  • 0
  • 0

Сарыарқа, самалды өлке, сағымды өлке,
Арманға бөлеп едің жанымды ерте.
Сағынып келдім сені, құшағыңды аш,
Қабыл ал қарлығаштай әнімді ерке.

Толық

Ей, өлең!

  • 0
  • 0

Ей, өлең барасың сен қай жаққа алып?
Қалды ғой екеумізді аймақ танып.
Сескенем, түбі терең иірімбісің,
Бет жағы жататұғын қаймақтанып?

Толық

Өмір күйі

  • 0
  • 0

Тұрады соғып өтіп небір құйын,
Әурелеп, үйретпек боп жеңіл биін.
Күйттеп көңіл күйін жүргенімде
Жаңылтып алар ма екем өмір күйін?

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар