Траур – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Траур» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.09.2021
  • 0
  • 0
  • 771
Шошынып бейбіт күн,
Оқ тағы сөйледі.
Қып-қызыл
Бейруттың
Аппақ көйлегі.
Жер-ана назалы,
Көз жасы тым ауыр.
Ливан қазалы,
Қаралы траур,
Траур!
Зұлымдық мүлги ме
Зарлатпай, сірә, бір.
Кампучи, Чилиде
Қаралы траур,
Траур!
Айтқысыз азабы,
Қасірет түн ауыр.
Арабтар азалы,
Қаралы траур,
Траур!
Жүректі езеді
Мұндайда жыр ауыр.
Дүниені кезеді
Қаралы траур,
Траур!
Қайыспай көтердік,
Ғасырдың жүгі ауыр.
Тарихта жетерлік
Қаралы траур,
Траур!
Отаны опаттың,
Құрысын, күні ауыр.
Сұмдығы ол апаттың,
Қаралы траур,
Траур!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері