Жарылмаған бомбалар – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Жарылмаған бомбалар» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.09.2021
  • 0
  • 0
  • 915
Ашу қысып, булығып,
Өз-өзінен долданар –
Жатыр жерде бұғынып
Жарылмаған бомбалар.
Ажал сақтап ішінде,
Шыдап бақты, шыдасын.
Жарылмағаны үшін де
Кешіреміз кінәсін.
Қылмыстан көз ашпаған,
Қасірет ізі суынбас.
Сол бомбаны тастаған
Жау кінәсі жуылмас.

1980


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері