Бұл бетте «Ұйқы рақат десек те» атты Қалижан Бекхожин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ұйқы рақат десек те,
Көңілсіз жолдай түн маған.
Жатып әрең төсекте,
Атқанда таң қуанам!
Сайрайды таңда бұлбұл да,
Шымшық та шығар шырылдап
Тереземнің алдында
Тербеледі шырын бақ.
Жаңа туған өмірді
Келе жатыр таң алып
Келе жатыр көңілді
Таңғажайып жаңалық!
Қалайша шыдап жатамын,
Тұрып ерте, көрейін —
Туған күннің шапағын
Көріп жырлап берейін.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі