Бұл бетте «Бозбалаға» атты Қалижан Бекхожин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
(Әзіл)
Шағың ба бұл суынар,
Неге тұрсың қуарып?
Бақшада көп сұлулар,
Қайт көзіңді суарып.
Ізде бақтан сәулеңді,
Ора, бірін құшаққа.
Күндеймін-ау сендерді,
Қыздар — сұлу бұл шақта.
Отты көзді қалқаның
Оттан ыстық жаны бар.
Өзім талай байқадым,
Көрсең жаның жалындар.
Қадалса ғой көзі бір,
Жігітім-ау, білер ең.
Сезгің келсе өзің жүр,
Қызғанбасаң мен ерем...
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі