Облыс әкімі М.Асқар ағама – Гүлсана Тілеубекова

Бұл бетте «Облыс әкімі М.Асқар ағама» атты Гүлсана Тілеубекова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.05.2016
  • 0
  • 0
  • 2257
Оңтүстікке басшы етіп, сайлады елің,
Бір өзіңе ағажан сенім артып.
Қызметтің қиын-қыстау кездерінде,
Келесіз келелі істер атқарып-ақ.

Халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге,
Үлгердіңіз зауыт, фабрика іске қосып.
Бұл күнде жемістерін беріп жатыр,
Тауардың экспорттық көлемі өсіп.

Тынымсыз еңбек етер басшы барда,
Қаламның әл-аухаты жақсаруда.
Оңтүстікке қарасты барлық аудан,
Тәуелсіздік мерекесін тойлап жатыр.

Қалаға сұлулық ,көрік шырай берер,
Бой көтерген сәулетті ғимараттар.
Осындай жақсы істердің жалғасқанын,
Қалаймыз Асқар аға, әлі алда да!.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері