Тұрсынбек ағама – Гүлсана Тілеубекова

Бұл бетте «Тұрсынбек ағама» атты Гүлсана Тілеубекова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.05.2016
  • 0
  • 0
  • 2483
Табиғат сыйғып берген дарын барда,
Шығар шың, алар асу жақын маңда.
Тынымсыз еңбек етіп, тер төккенсоң,
Танылдыңыз КВН-мен қалың жұртқа.

Шыңдап әрі өнердің құдіретін,
Жидыңыз бір топ қауым дарындыны.
Паш етуге қызықты әзілдерін,
Қанат жайды ”Базар жоқ” театры!.

Отбасын өнерменен қатар алып,
Ата-ананы мәпелеп,бағып-қағып.
Адал жарсыз жеңешеме арқа сүйер,
Әкесіз,қамқоршысыз ұл-қызыңа.

Самғаған қанатыңыз талмасыншы,
Қызық кеш одан әрі жалғассыншы.
Аузын айға білеген әлем жұртын,
Мойындатар дара тұлға болсаңызшы!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері