Ағажан-Ләтипа – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Ағажан-Ләтипа» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.05.2019
  • 0
  • 0
  • 4422
Жаңа салған көктемнің гүліндейсің,
Піскен алма жайсаңның бүріндейсің.
Күлше берген баладай алдай түсіп,
Бер жағыңмен әшейінкүлімдейсің.

Ағажан Ләтипа,
Гүлмайдан Ләтипа,
Бір қиял, бір зиян,
Беу-беу Ләтипа!

Ләтипаның қолында гауһар жүзік,
Бозбалалар қарайды көзін сүзіп.
Бір ауыз сөз естімей жүрсем-дағы,
Кете алмадым өзіңнен күдер үзіп.

Құлпырған бейне гүл,
Қызықты жас өмір.
Бір сенде жүрегім,
Құрбыжан өзің біл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері