Мейлің, бөрі, ұли бер – Қалижан Бекхожин

Бұл бетте «Мейлің, бөрі, ұли бер» атты Қалижан Бекхожин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1419
Айнала үнсіз мүлгиді
Желсіз түнде орманда,
Ай да баяу жылжиды,
Сәулесін төгіп сол маңға.
Жұлдызы жусап аспанда
Үнсіз дала, жер жым-жырт.
Арқасын төсеп асқарға
Ұйқыға түгел енді жұрт.
Тек жұлдыздай оттары
Жайнап зәулім қаланың,
Алтын нұрмен аптады
Алып таудың алабын.
Түн тынықтап, жоқ елең,
Айнала бәрі ұйқыда...
Ал түнектен, меңіреуден,
Жаңғырған бұл не, қиқу ма?
Жоқ, ұйықтай бер мүлгіп, маң,
Үрейлі сүрен жоқ тауда.
Ол қасқыр ғой ұлыған
Қарап жұлдыз оттарға.
Мейлің, бөрі, ұли бер,
Тынышын бұзбас тау бірақ.
Ұйықтайды сәбилер,
Қалғиды орман маужырап.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері