Тұрсын дүние бабында

Бұл бетте «Тұрсын дүние бабында» атты Қалижан Бекхожин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1326
Дүние гүлді ормандай,
Тұрса дәйім сау-тыныш.
Көкжиек көлбеп қорғандай,
Сақшы болса әнші құс,
Бәйтеректей қалтылдап,
Сұрапыл кенет соқпаса,
Аспаннан бомба жарқылдап,
Алапат отын жақпаса.
Жақын тартып алысың,
Еркелеп барсаң айға да,
Көтерсе достық дауысын
Күллі жұрт, бүкіл айнала.
Балапан шуы тыныштап,
Балғындар күлсе бағында,
Ел біткен бейбіт ту ұстап,
Тұрса дүние бабында!
Сол ғана, інім, сол — тілек
Сол тілек ізгі, сол күшті!
От алмасын зеңбірек,
Тыныштық жеңсін соғысты.
Отаның — өмір орманы
Мәуесі піскен мөлдіреп.
Жайнасын гүлдер сондағы,
Жаңара берсін жер түлеп.
Соғыс мәңгі жоғалсын,
Аузында ажал оты бар.
Атомдар бейбіт жол алсын,
Ашуы мұзға атылар.
Тотығар бір кез қарулар,
Салынар бәрі қынапқа.
Аңдыған әлі жауың бар,
Сақтан, інім, бірақ та.
Сұстана қарап тұра тұр,
Әзірге сонау шеттесің.
Отанын, — орман, сұрапыл
Тыныштық бұзып кетпесін.
Сол ғана, інім, сол — тілек
Сол тілек ізгі, сол күшті!
От алмасын зеңбірек,
Тыныштық жеңсін соғысты.
Біріміз қырда қарусыз,
Біріміз шепте тұрсақ та,
Белсене жүрміз бәріміз
Бейбіт сапта, бір сапта!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тұрсын дүние бабында өлеңінің авторы кім?

Қалижан Бекхожин — осы өлеңнің авторы.

Тұрсын дүние бабында өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тұрсын дүние бабында өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қалижан Бекхожин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тұрсын дүние бабында өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері