Бір сезім жанарыңда елжіреген – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Бір сезім жанарыңда елжіреген» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.12.2015
  • 0
  • 1
  • 11510
Бір сезім жанарыңда елжіреген
жанымды тұңғыш рет дір еткізді.
Басармын сол дірілді енді немен
бір арман кернегендей жүректі ізгі.
Жаныма жақын тартып барады үнің,
сені айтып сыбырлайды терек, емен.
Еркелеп асыр салған балалығым
алыстап бара жатыр неге менен?
Ұйқымды шайдай ашып ұзақ түнде,
елесің көлбеңдейді неге сенің?
Ойыма сөздеріңді жүз ап күнге,
күбірлеп қиялыммен кеңесемін.
Сыланам. Жиіледі шашты да өру.
Жанымды жайлап алдың, санамды ұрлап.
Қайғы ма, қуаныш па жақсы көру
баласын бөтен үйдің?
Маған жұмбақ.

1958


Пікірлер (1)

жансая

жақсы екен маған ұнады

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері