Тұтқын – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Тұтқын» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 698
(А. С. Пушкиннен)

Торда отырмын, дымқыл сазды тас тұман,
Мен еркі жоқ асыранды жас қыран,
Қанат қағып менің мұңды жолдасым,
Қанды ас шұқиды терезенің астынан.
Шұқиды, тастап, терезеге қарайды,
Мұңдасындай мені өзіне санайды,
Шықылықтап ишарамен шақырып,
«Кел ұшайық!» дегендей кез қадайды.
«Біз еркін құс, туған...
Уақыт кезеңім,
Әне, ақшыл тау, бұлттан асқан көремін.
Әне, көкшіл көк теңіздің кемерін,
Әне ойнақтап жел гулейді — ол...
Мен едім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері