Қақ суы – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Қақ суы» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жаңбыр жауды...
Қақ тұрды...
«Iшпе оны, лай су», – деп,
Сиырға тас лақтырды,
Бiр қыз: «Таза бар су», – деп...
Қызды қостап, бұйырдым:
«Айдап əкет, дұрыс», – деп.
Лай су iшкен сиырдың
Сүтiн сауып
Кiм iшпек?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері