Күн жылыған, жер жібіген – Мұқағали Мақатаев

Бұл бетте «Күн жылыған, жер жібіген» атты Мұқағали Мақатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.04.2015
  • 1
  • 2
  • 19455
Күн жылыған, жер жібіген,
Құстар келген шақтарда,
Төрдегі өрген төрт түлікке,
Төл жамырап жатқанда,
Көзімді алмай қарайтынмын егістікке телміріп,
Бірде шалқып,бірде жанған, бірде өшкен оттарға.
Естігенде сазға қонған сарыала қаз саңқылын,
Көктем келіп қалыпты-ау деп,табатын-ды жан тыным.
Қара нөсер төгіп тұрған қара бұлт ішінен;
Аңғарушы ем айқүш-ұйқыш,алмас қылыш жарқылын.
Содан жаз кеп, ен жайлауға - Шалкөдеге көшкенде,
Алдымыздан аңқушы еді айғай тастан ескен жел.
Туған жерін өмірбақи ұмытпасын деген ғой,
Айналайын аналарым кіндігімді кескенде.
Содан ба екен, қалам тартсам, жыр тумайды жерімсіз,
Мен сеземін, күтіп жатыр,күтіп жатыр, тек үнсіз.
Туған жердің топырағын сүйе алмасам мәңгілік,
Онда мені қалды деңдер көмусіз де кебінсіз...


Пікірлер (2)

Шарипа

Өте керемет өлең
Маған қатты ұнады

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері