Біздің Қожанасыр – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Біздің Қожанасыр» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

– Солдаттағы балама
Хат жазып, ал сауабын, –
Деп өтiнген анаға,
Нұрлан бердi жауабын:
– Айдақ-сайдақ жазуым,
Апа, – дедi ол, – болмайды.
Хат жазуға əзiрмiн,
Тек оны оқи алмайды.
Қашқақтаймын сол үшiн,
Шындығы осы, бар мiнiм.
Хатты оқуға ол үшiн
Керек өзiм баруым...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері