З. Дәуітовке – Табылды Досымов

Бұл бетте «З. Дәуітовке» атты Табылды Досымов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2507
Жанарыңда мұнар мұң бар,
Со бір мұң,
Кіреукесін көтертпейді-ау көңілдің.
Бұйра шашың бұлт ішінде желбіреп,
Ағып бара жатасың,
Аспанында Өмірдің.

Қабағыңда бір қайғы бар,
бір қайғы,
Со бір қайғы бақытыңды бұлдайды.
Ту-у биіктен ет-жүрегің елжіреп,
Телміресің Төменге,
Құшағыңа ап нұрлы Айды.

Дидарыңда сағыныш бар,
Сағыныш,
Со сағыныш жасар бір күн жарылыс.
Өкінгенге өткеніңді қанып іш...
Жерде қалған Қайғыңды,
Аспаныңа алып ұш!...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері