Алақарақ – Есбол Нұрахмет

Бұл бетте «Алақарақ» атты Есбол Нұрахмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.07.2021
  • 0
  • 0
  • 485
Соқыр күн көтерер сәулелі кірпігін,
Бұлттың да мазақтап жыртығын.
Бөтекем босаса -
Қалауым қуаныш,
Қуаныш бір тілім!

Омыртқа орақтай иілер ой орып,
Қиялдың қырында қой өріп.
Кенезем құрғаса -
Қуаныш ұрттауға,
Бермей жүр бой ерік.

Көгерген көбенің қаупіне бермей мән,
Үмітті кәлләлар жөнді ойдан.
Сағыныш сілкісе
Сарғайған сезімнен
Табылар көр қайдан?

Бетпақтау бітіммен беттейтін беткейге,
Жарыместігім де жетпей ме?!
Шешесі дударбас
Сол жетім сәбидің
Көздері көк дей ме?
Сұмдық-ай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері