Мен қазақпын! – Жұмахан Нұрлыхан

Бұл бетте «Мен қазақпын!» атты Жұмахан Нұрлыхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Долданамын, дауылдай Қаратаудың,
Тіксінген бар мінезім!
Ұшқыны бар, атылған жанар таудың,
Қарсы келсең көресің!

Құйыны бар бойымда Сары арқаның,
Ұшырамын алысқа!
Күшін жиғам, бойыма бар даланың,
Тетелеспе, меніменен алыспа!

Алатаудың қарындай суықтық бар,
Қызыл қаным мұз болған!
Дүр даладай, жанымда ұлықтық бар,
Қонар жерім, құз болған!

Көк бөрідей, тасыған батырлығым,
Ел мен және ар үшін!
Сусындатқан, өлеңмен ақындығым,
Жұртым және бар үшін!

Байқасаңыз бауырмалмын, негізі,
Досқа жоқтың сатқыны!
Таптатпаған кең- байтақты жерімізді,
Намыстығой бар әр ұлы!

...Мен Қазақпын!
© Жұмахан Нұрлыхан


Пікірлер (1)

Модератор

Егер авторы өзіңіз болсаңыз, авторы өзім дегенді белгілеу керек.
Енгізген өлеңнің жоғарғы жағында(сайтқа логин арқылы кіріп тұрған болсаңыз) Қалам және Қоқыс жәшігінің суреті болады. Егер қосқан өлеңіңізде бір қате көрсеңіз, осы "Қалам"-ды басып өлеңді өңдей аласыз.

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері