Армандай білу-бір бақыт – Abilmansur

Бұл бетте «Армандай білу-бір бақыт» атты Abilmansur жазған бақыт туралы өлең берілген.

Көңілім шалқып шаттықтан,
Армандап, аңсап жаттыққан.
Қиялдап қилы өмірді,
Айналған басым бақ-құттан .
Дауылдай соғып желпініп,
Есесі бардай ентігіп,
Қияға қиял сүйрейді,
Бас бермей ыршып, секіріп.
Сол сәтте естен танамын,
Құдіретті бір адаммын.
Қолменен ұстап ой, күнді
Аршындай түсер қадамын.
Шарықтап барып құлаймын,
Зулаймын ұшқыр құмаймын
Тосылса ойым бір сәтке
Түскендей торға тулаймын.
Ұйқыға келмес ондайда
Армандауға болмай ма!?
Ұқсайды ой қиялың.
Пырылдап ұшқан торғайға.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар