Оянсын рухы даланың!
Қалмады-ау көзге қарары,
Жантағы қалған шоқшиып.
Оятшы рухын даланың,
Кірпігін қағып кілтитіп.
Боздаған, бозаң далада,
Көгінде жүр қырғилар.
Бауыр басып қалаға,
Болат құспен құлдилар.
Сонауда-сонау замандар,
Бұл маң қандай болғанды!?
Мейірімсіз адамдар,
Болмады... бәрібір оңбады.
Сүйегін тастап бабаның,
Жетім қалды молалар.
Шымшиды кейде сараң мұң,
Сағымдай болып жоталар.
Тұрғыны жоқ бұл ауыл,
Түтінге зар даласы.
Мұнар шалған көк тауың,
болсадағы алпамса,
Келмеді әттең шамасы.
Бастауы әне көлкіген,
Күтетін жолдан жолаушы.
Дейтіндей маған"өтінем",
Кем дүниені оралтшы.
Жолына із түспеген,
Жылма, айма белгісіз.
Бауығой самсып гүлдеген,
Жемісін жерге бергісіз...
Ауылыды тастап кеткендер...
Тас үйге барды тығылып.
Шалқадан жатыр кетпендер,
Тот басып сабы шірініп...
Аңсайды аңыз қаламым...
Тұман ба әлде, шала күн.
Жарық бер Раббым ДҮРІМЕ,
Оянсын рухы даламның!
©Жұмахан Нұрлы-хан
- Эрнест Хемингуэй
- Эрнест Хемингуэй
- Эрнест Хемингуэй
- Эрнест Хемингуэй
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі