Өлең, жыр, ақындар

Сезімі ерек

не болмақ? кім біледі өміріміз?
бір ысып- бір суынған көңіліміз.
тасқын жыр жағаны асып көп толқыса,
не дерміз! - мейлің тасып төгіліңіз,
әңігме айтам біраз- үңіліңіз!
жөн болса бұл әңгімем жүгініңіз.
оңаша сырласуға үәделесіп
кездеспек жігітпенен бір күні қыз.

жігіттің қыз дегенде сезімі ерек,
сұлуын сағынатын көзбен көрмек!
қырық шоқ қымбат раушан қолында бар
берермін қызға жақын келгенде деп.

силыққа нәзік жанды ерімейме?.
хош иісті алуан гүлді көргенде деп.
дұрыс ақ- әрбір істе сенім керек
ол қыздің жігіт үшін жөні бөлек

сиға си деп ойлады жігіт тағы,
ол деген өзгермейтін өмір заңы!
сол жанға- сол сұлуға силарым көп..
(білінді бай екені, колда бары)
сұлуға тарықпайтын күн силасам,
жанымның көлеңкесі болар дағы.
тым қызық дөрекілеу болсадағы,
жігіттің қызға деген сол (арманы)

сеніммен, (сезімменен),күткен батыр,
уаде еткен қыз келетін жағада тұр.
-өзімнің әкем бастық,менде сотпын
бір жолда ақ ғашық болар! қарада тұр!
түрлі ой,сансыз жоспар,санада- кіл,
тоқталмай уақыт қана бара жатыр,

қыз келді! қыз дегенің асыл екен,
көзі от- көкте ойнайтын жасын екен.
ондай қыз құм ішінде түйір алтын,
алтынды алман мейлі! ғашық өтем!
жігітке салемнен соң айтты сөзін,
- қаласаң силастықпен досым етем.
жолама бірақ деді маған жақын,
достықтан басқа ойың болса бөтен!
жүрегім бір жігітке болған ғашық.
сол жанды сүйгеніме балап өтем.

білемін, бола алмайды ау! ол саған тең
өтеді кейде өзін қор санаумен
бірақта барын аяр адам емес
басында сен сияқты болса дәурен
білмеймін содан бекен, басқама екен
ұстайды мына меннен өзін бөтен.
көзіме қарай алмай қысылғанда,
мен байғұс жүрегімді езіп өтем!....

осындай болды аңгіме жағалауда,
қыз мұңы жігіт ойын табалауда.
жүрегін сот мырзаның жаралауда!
(боларма қызды баққа бағалауға).
санасы жігітімнің былыққандай,
қиалы- құ жапанды аралауда.

аралап қолында бар шоқ гүлдерін,
берерге бір пендені таба алмауда!
ақыры адасқанын білген сана,
мөлтілдеп жас келтірді жанарларға..

беті жоқ өз ойына қарауға да,
мұндай қыз енді іздесе таба аларма?
тағыда жолықса егер шын сұлуға,
онысы және жүрек жараларма!!!

ол қызды қаратарға пара барма?
сүйгенін ұмыттырар шара барма?
өзінің тым бейшара жан екенін,
сезінді сөйтіп жігіт жағалауда....



Пікірлер (1)

Айнаш

Неге бәрі кіші әріппен жазылған?

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз