Ақынға
АҚЫНДАРҒА
Қазақта ақын сөзі жоғалмайтын
Халықым ақын үшін алаңдайтын
Тек үйінде ой жазатын ақ параққа
Ақынның кезі келді жалындайтын
Сәттілік тіледім ал барлығыңа
Ақын үшін биіктік жоқ алынбайтын
Додаға бағын сынап келгендерге
Құдайым берсінші жақ жаңылмайтын
Ойланып ойыңды жаз, барыңды сал
Болмасын арзан сөздер жарамайтын
Сөзбенен қурағанды көгертейік
Ақынды сәт келгенде бағалайтын.
ҚАЗАҚТЫҢ ҚҰМАЙ ТАЗЫСЫ
ҚАЗАҚТЫҢ ҚҰМАЙ ТАЗЫСЫ
ЖҮГІРЕТІН ЕППЕНЕН
БОЙЫНДА ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖОҚ
АДАМҒА ЗИЯН ЕТПЕГЕН
ИЕСІ ЕТСЕ БҰЙЫРЫП
ЖҮГІРЕТІН ЖИЫЛЫП
ЖҮГІРГЕНДЕ ОҚ ДЕГЕН
ТАЗЫДАЙ ИТ ЖОҚ ДЕГЕН
ЕЖЕЛДЕ ҚАЗАҚ АУЫЛДАР
АҢ АУЛАУДЫ БӨКТЕРДЕН
ТАЗЫЛАРҒА ЖҮКТЕГЕН
ҚУ ТҮЛКІНІҢ ҚУЛЫҒЫ
ТАЗЫЛАРДАН ӨТПЕГЕН
КЕЗДЕСКЕНДЕ ҚАСҚЫРМЕН
АЗУЫНАН ҚАН АҚҚАН
ЖАРТҚЫШ ҚЫЛЫП ЖАРАТҚАН
АРЛАНДЫ ЕКІ БҮКТЕГЕН.
КЕЗ КЕЛСЕ ОЙДЫ ЖАЗЫП ТАСЫНАТЫН
БОЛМАСЫН ТЕК КЕЗІМІЗ БАСЫЛАТЫН
ШЫНЫМЕН АҚЫЛДЫЛЫҚ ТАБЫЛАДЫ
ЖАНУАРЛАР ІШІНДЕГІ ТАЗЫДАН ШЫН
ОҚЫСЫҢ ЕЖЕЛГІ ТАЗЫ ЖАЙЛЫ
СОЛ КЕЗДЕРДІ АҢСАЙСЫҢ САҒЫНАСЫҢ
БАБАЛАРЫМ ТАЗЫНЫ МАҚТАП КЕТКЕН
ӘРИНЕ СӨЗДЕРІНЕ БАҒЫНАСЫҢ
КЕЙІНГІ ҰРПАҚ ҰМЫТПАСЫН ҚАЛЫП ҚОЙҒАН
ЖЕТЕУДІҢ ІШІНДЕГІ ҚАЗЫНАСЫН.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі