Ақынға арнау
- 0
- 2
Ей, Қойшыгүл, жастас емес, бастасым,
Бұршы бермен көңіліңнің қақпасын.
Тарпаң тағдыр сені аяусыз сынады,
Айтып қайтем, айтып қайтем басқасын.
Бұл бетте «Шексіздік» атты Перизат Сағантай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ей, Қойшыгүл, жастас емес, бастасым,
Бұршы бермен көңіліңнің қақпасын.
Тарпаң тағдыр сені аяусыз сынады,
Айтып қайтем, айтып қайтем басқасын.
Нәзік сазға ауысып отты өлеңім,
Терезеңнің алдына көп келемін.
Ең болмаса, әйнектен қарасаңшы,
Жанарымды телміртпей текке менің.
Жас кезіңде биік болар арманың,
Бақыт әнін шырқап тұрар жан-жағың.
Өткен күндер өзгеше бір қызықты,
Ғажайып боп елестейді алдағың.
Хабарлама
INFO
Керемет жазылған
Өте жақсы жазылған.Жарайсың!
Күшті жазыпсын. Маган ұнады))
Оте тамаша