Қор
Бұл бетте «Қор» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қор –
Зор болды...
Заман –
Қырсықты:
Жерошақтағы күл күн шықты.
Қиянат жүгін ауырлап,
Көз жасыма –
Нар тұншықты.
Арыстан орнын –
Түлкі алды,
Сұрқылтай қорлап –
Сұңқарды.
Ел келеке етті –
Есектің
Есігін күзеткен –
Тұлпарды.
Ноян алдында –
Қоянның,
Қоян алдында –
Ноянның –
Құбыл кездігіне ұрынып,
Ұяттың қанына боялдым!..
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі