Өзегіме түсіп от
Бұл бетте «Өзегіме түсіп от» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өзегіме түсіп от,
Өртенемін –
Тоңамын.
Кімге барып кісі боп,
Қайда кетіп оңамын?!
Тәннің ұлық-қартаңы –
Жүрек – жауыр Қара Нар:
Тауқыметін артады
Қатын-қалаш...
Балалар...
Ой алтынын жасырды
Салпыетекті егелік –
Бой қуатын қашырды
Әлсін-әлі шөгеріп.
Екі көзім таңулы,
Баста – ерік жоқ,
Қалқашым,
Қоймай,
Темір-жанымды
Магниттей тартасың.
Түз тағысы ұлыды,
Көңіл нілдей бұзылып.
Діңкем де әбден құрыды,
Емешегім үзіліп.
Ет-бауырым езілді,
Іштің дертін қозғаймын –
Бұйдасыз бос кезімді
Жоқтап,
Жүдеп,
Боздаймын!..
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі