Құлақ түр де зарпыма
Бұл бетте «Құлақ түр де зарпыма» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Құлақ түр де зарпыма,
Соқ,
Тоқтама,
Жүрегім?! –
Келтірем әз қалпына
Жардың қашқан реңін!
Күн етемін түнімді,
Ұйып,
Қаным,
Қарайма?!
Жырлап –
Өлген ұлымды
Тірілтемін қалайда!
Тасқа ұрамын басымды,
Соғам барып тауға да –
Құрғатам көз жасымды –
Санам,
Суып,
Жаурама!
Шермен біте қайнасып,
Хан сауығын құрамын –
Қаз тұрады,
Тәй басып –
Мұнар,
Мұнар,
Мұнарым...
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі