Табиғатымның киесі
Бұл бетте «Табиғатымның киесі» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Табиғатымның киесі –
Қыр-арқамды сүйейтін
Жар болар ма деп едім?!
Шаңырағымның иесі –
Ауырымды тиейтін
Нар болар ма деп едім?!
Таланың ба тиесі?! –
Тағдыр оғы бұйырып,
Қыршыныңнан қиылып,
Ғайып болдың, бөбегім...
Түп-тамырым солғанша
Хош күтем әр тараптан –
Жанға шипа болса-шы?!
Жалғызымды алғанша,
Жазмышы тылсым жаратқан –
Жанарымды алса-шы?!
...Оң-солымды қарманып,
Екі көзім көр болса –
Көңілге тыншу орнарға?!
Тірідей өлдім зарланып –
Мұнарымды алғанша,
Құдай,
Мені алсаң болмай ма!..
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі