Ерте туып
Бұл бетте «Ерте туып» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
«Ерте туып,
Кеш қалғанмын,
Қор боп,
Құты қашқан жанмын.
Тумай жатып,
Туа шөгіп,
Туырылып,
Жер жастанғанмын!
Сай келмедім
Заманыма –
Айласына,
Амалына.
Жақсысына –
Түрпі болдым,
Күлкі болдым –
Жаманына!» –
Деп налимын,
Мұңым шағам,
Беу, Жалғызым –
Жырым, саған:
Сағат сайын
Салқын тартып
Сафтанады
Миым, Санам!
Жоқ тасынды,
Бар басынып,
Дос тағы енжар,
Жар да сұлқ.
Анда барсам –
Өгіз өлді,
Мұнда келсем –
Арба сынып!..
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі