Заман қысымы зорайды
Бұл бетте «Заман қысымы зорайды» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Заман қысымы зорайды,
Бас көтерерлік жоқ шама.
Адам Адамға қарайды –
Қарағандай құнсыз Ақшаға.
Тақ пен Тәж
Ардың түбіне
Ақыры жетіп болғандай.
Алғысыз Хайуан күйіне –
Халықтың күйі –
Сормаңдай.
Алыстатуға жақынды
Әрекет етіп жатқандай:
Жарылқап «Құдай» –
Әкімді,
Ақынды –
Қарғыс атқандай.
Негізсіз қоғам жаңармай,
Уақыт жүгінен мертігіп –
Жалаға өзін таңардай,
Жалғызын жұмбақ өлтіріп...
От тастайтындай араға,
Ауызбіршіліктен айырып.
Айналдым тұтас жараға,
Асқынып, ауа жайылып.
Төзгісіз тартып қанына,
Қит етсем – төбемді ояды.
Тыным жоқ тән мен жаныма,
Тақалып тірлік аяғы.
Дүние Дүние болғалы
Болған ба мұндай сорақы:
Жерімде –
Өгей Орманы,
Төрімде –
Даңғой, Дарақы.
Тұлпардан озған есегі,
Тасырдың тасы –
Өрімде...
Күніме зар боп кешегі,
Тимей жүр қолым –
Өлуге!..
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі