Атыраудағы көктем – Табылды Досымов

Бұл бетте «Атыраудағы көктем» атты Табылды Досымов жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 3812
Құлағымда құс әні қалып,
Тереземнен кепкенде қырау.
Қуанышын құшағына алып,
Келіп қапты көктем де мынау.

Бойы балқып мөлдір ағынға,
Буырқанып жатыр-ау далам.
Тереземнің арғы жағында,
Қол бұлғайды Атырау маған...

Көктемеден бір хабар аңсап,
Жүрегімнің оты лаулайды.
Көк жүзінде тырналар ән сап,
Тыраулайды...Атыраулайды...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері