Қасқырлар мен қойлар

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 10.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1679
Қойларға күн көрсетпеді Қасқырлар,
Талай желке қиылды.
Қорғау жағын қарастырды басшылар.
Қойлар үшін тиімді
Кеңес құрып жиылды.
Көп бөлігі Қасқыр еді кеңестің,
Барлық Бөрі бірдей жыртқыш емес-тін.
Талай момын Қасқырды мен білген де ем,
Ондай мысал естен шыға қойған ба?
Отарға тым жақынырақ жүргенмен,
Тоқ кезінде тиіспейтін Қойларға.
Онда неге кеңеске қатыспасын ол мына?
Керек десе, кінәлаймыз Қойды да,
Қасқыр мүлдем жау емес қой ойлыға.
Ну орманда басталды сол кеңес те,
Болды ұсыныс, пікірталас, егес те.
Ақырында ойлап тапты заңды олар,
Былай десек, сондағы сөз дәл болар:
«Егер Бөрі бұзылып,
Шапса отарға қызығып,
Оны Қойлар қамалай,
Бет-жүзіне қарамай,
Сүйреп жүріп болсын сотқа баратын,
Ормандағы маңайда».
Еш нәрсе жоқ заңға қосып, алатын,
Әлі күнге көріп келем: алайда,
Дегенімен, Қасқырға ешкім тимеді,
Салса-дағы ойранды.
Керісінше, олар әлгі Қойларды
Тоғайларға сүйреді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қасқырлар мен қойлар өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Қасқырлар мен қойлар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Қасқырлар мен қойлар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қасқырлар мен қойлар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері