Мойындату – Табылды Досымов

Бұл бетте «Мойындату» атты Табылды Досымов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2288
Қара түнге қайрадым намысымды,
Маңайлаттым мұң ішіп алысымды.
Шыр еттім де шектеулі сапар шеккем,
Орда жетпей қамшымның сабы сынды.

Қол бұлғарда қайғымменен реңдес Күн,
Жұлдыздарды жоғалған түгендестім.
Падишасын жоқтады патша көңіл,
Тәңір жаққа тепсінді күрең бестім.

Жігер отын жандырдым шапшаң барып,
Бұрын тұтата алмап ем тоқсан налып.
Күреңімді қамшысыз көкке өрлеттім,
Көсіп-көсіп аттым да.., шақшамды алып.

Көкке қарай кер мінез байқатқасың,
Енді кімін жіберіп айтақтасын.
Көптен бері көрінбей кеткен Құдай,
Көк жүзінде тұр екен шайқап басын...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері