Ащы шындық
Армысың қара халқым,пана халқым,
Бір балаң шырылдаса болар хақың.
Азанда естіп едім бір әңгіме,
Түйгені көп болғандай білер жанның.
Намысын биік қойған бұл қазағым,
Басынан сөз асыртпай жүрген барым.
Қазақты қазағым деп елеңдейтін,
Азайып бара жатыр балаң,халқым.
Болар елдің баласы батыр десе,
Қазақ жүрер әркімді қатын десе.
Өз қыздарын өзгеге беріп қойып,
Кейін соны өздері мактан көрсе.
Жігіт жүрер бір айлық әскер қуып,
Соған өзі өзінше мактан қылып.
Өз ұлтының тарихың білмей өскен,
Қартайғанда не айтар өсиет қылып.
Кейде тіпті қария үшін ұяламын,
Бата десең, тілек қана айта алатын.
Отырып ап өз елің өсектемей,
Болмас пе еді намазың қолға алатын.
Қазақ қызы тігеді көтін бәске,
Шындықты жырламасам болмас әсте.
Хабиб жүрсе шыр-пыр боп мұсылманша,
Сол қызымыз арын сатты бұл жеңіске.
Қазақ өзі жетісіп бір жүргенде,
Өзге келіп,мына бізге күлгенде.
Соғыс ашпай өзімізді бір күні,
Өзге емес,өзіміз бір жегенде,
Сонда болар қазақ тағы күлгенде
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі