Балалар мен алмалар – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Балалар мен алмалар» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Күл, күлме, сен мұныма,
Есептегiм келедi,
Бiр ағашта
Жылына
Қанша алма өнедi?
Бiлетiндер деседi:
Ойда жоқты табасың
Айту қиын есебiн,
Кiм жалықпай санасын.
Болғанменен –
Бiр түбi
Бiрi ерте пiседi.
Пiспес бiрақ –
Бiр күнi,
Бiрiн күзде үзедi.
Қатар өскен тұрғылас
Олар да дəл балалар...
Бiр ағаш – ол бiр класс,
Оқушысы – алмалар.
Ерте пiсер –
Үздiгi,
Оқуда алда басары.
Пiсетiнi –
Күз күнi,
Күзге қалған нашары.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері