Сағыныш назы – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Сағыныш назы» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Сағынсам естен жаңылып,
Сағымда жүзің көрінді.
Сары бел жатыр тарылып,
Сандалдым таппай жөнімді.
Сан жылдар өтті – көрмедім,
Келбетің естен кетпейді.
Жапанда жалғыз шөлдедім,
Шақырсам даусым жетпейді.
Ақ қайың шықса алдымнан,
Жапырағы жылап тербелген.
Елестеп бейнең балдырған,
Аңсау да жедел ем берген.
Қасымда жайнап сен тұрсаң,
Демес ем, дүние, өгейсің.
Бір күні оқыс көз жұмсам,
Тұншығып кетті дегейсің.

Кәкімбек Салықов


Пікірлер (2)

Балнұр

Өте көп

Балнұр

ӨТЕ ӘСЕРЛІ ЕТІП ЖАЗҒАН

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері